вторник, 17 сентября 2024 г.
icon
479.38
icon
531.63
icon
5.27
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
5oC
×

«‎Айналамның бәрі шибөрі‎»‎: Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртеп, сынға қалды

Эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шығып, жеке парақшасына видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Жол ережесін бұзып, 10 тәулікке қамалған өнер иесі бостандыққа шығып, жеке парақшасына видео жариялады. 

Ол теміржол бойына от жағып, ұсталған кездегі киімдерін өртеді. Одан кейін қарбызды бір тістеп, лақтыра салған. Эстрада жұлдызы драмалық видеосының астына  «‎Айналамның бәрі шибөрі‎»‎ деген сыңайда өлең жолдарын жазды. 

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты түрлі болжамдарын айтып жатыр. 

 «‎Күйеуім теміржолда істейтін еді, бүлдіріп кеткенін қарашы»‎,  «‎Түрмедегі киімдерін өртеп, жамандық сонымен кетсін деп жатыр‎»‎,  «‎Рұқсат етілмеген жерде от жақтың деп, тағы да 10 тәулікке қамап тастамасын‎»‎,  «‎Тірі адамның киімін өртемейді және ауаны ластадың одан кейін қарбызды ысырап еттің‎»‎,  «‎Кімге ренжисің, заң бәріне ортақ»‎,  «‎Жүрген жерлеріңді неге ластайсыңдар. Табиғатты бүлдіріп жатсың‎»‎,  «‎Не айтқысы келгенін түсінбедік‎»‎ – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, інісінің қамалғанына қатысты әнші Роза Әлқожа да пікір білдірген еді. 

 «‎Біреу жазыпты  «‎балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?! »‎ деп. Жаным, қызым – үйде, қылығы – түзде‎»‎ дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын мойнымен көтереді. Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да – тәрбиеден! ‎»‎, – деген болатын өнер иесі. 

Бұған дейін, асаба Руслан Ысқақ Әбдіжаппар Әлқожаның қалай ұсталғанын айтып берген еді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0