среда, 2 апреля 2025 г.
icon
504.44
icon
545.65
icon
5.95
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-1oC
×

Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арадағы байланысы туралы мәлімдеме жасады

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

«Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!» — деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

«Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!» — дейді танымал әнші. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 3
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0