Төреғали Төреәлі жұбайы мен алтыншы баласын перзентханадан өзі шығарып алған. Танымал әншінің ата-анасы келінін ерекше тосынсыймен күтіп алып, қымбат сыйлық тарту етті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Қазақ эстрадасының жұлдызы алтыншы баласына мерекелік бағдарлама ұйымдастырмай, өзі алып келген. Үйді ата-анасы әдемілеп безендіріп, келіндері Толқынды қуантты.
«ТөреАхмет батырым, отбасымызға қош келдің», – деп әншінің әкесі өз парақшасында жазған.
Төреғали әрдайым перзентханаға мерекелік бағдарлама әзірлеп баратын. Осы жолы тыныш қана шығарып алғысы келгенін айтты. Алтыншы бала үшін жұбайы Толқынға ата-енесі өз ризашылығын білдіріп, «Cartier» білезігін сыйға тартты. Қымбат тосынсыйды енесі өзі таңдаған екен.
«Кезінде келінімізге көлік мінгіздік. Енді туған күніне, дүниеге сәби әкелуіне орай Төреш үшеуміз сыйлық алуға бардық. Мен өзім таңдадым. Келінім ұната ма, көңілінен шыға ма, білмеймін. Көрейік енді», – деп Аягөз Төлепова келініне сыйлығын тарту етті.
Танымал әнші бүгінде 3 ұл, 3 қыздың әкесі.