Танымал эстрада жұлдызы Абай Бегей перзентханадан немересі Хадишаны салтанатты түрде шығарып алды, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Маңызды күнге Абай Бегей ерекше дайындалған. Үй ішін шарлармен безендіріп, перзентханаға аниматорлар шақырған. Танымал жұлдыздың ұлы Жалғас жұбайына гүл шоқтарын тарту етіп, сәби үшін алғыс айтты.
«Ақ тілектеріңізге, ниеттеріңізге рақмет! Алла тағала баршаңызға немере, шөбере сүюді нәсіп еткей», – деп өз парақшасында әнші Абай Бегей жариялаған.
Желі қолданушылары жұлдызды отбасын құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.
«Абай аға, тұңғыш немереңіз құтты болсын! Ұл баладан көрген немере бәрібір бөлек. Қандай әдемі көрініс! Аты да әдемі екен», – деп оқырмандар пікір қалдыруда.
Сәбидің есімі – Хадиша. Жас ата-ананың қуаныштан толқып жүргендерін бейнежазбалардан көруге болады.