пятница, 20 сентября 2024 г.
icon
478.96
icon
533.03
icon
5.22
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
8oC
×

«‎Осы күнді қатты күтті‎»‎: Актриса Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен қайта қосылды

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым өзінің инстаграм-парақшасында бұрынғы күйеуі Айдар Асқарбекпен құшақтасып түскен суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:Stan.kz
Фото:Stan.kz

Суретті көрген желі қолданушылары жұлдызды жұпты құттықтап жатыр.

«‎Әр әйел сүйікті жарымен болуға лайықты‎»‎, «‎Осы күнді қатты күтті. Жүрегім жарылардай қуандым ғой‎»‎, «‎Бүгінгі таңым осы екеуінің қосылуымен басталды, осылардың қосылғанын тілеп жүргеніме қанша уақыт болды‎»‎, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске салайық, Жарқынай ханым айырылысуына атышулы «‎Рауза‎»‎ телехикаясындағы «‎сүйісу сахнасы»‎ әсер еткенін айтқан еді. Актриса отбасымен бақытты болуға барынша тырысқанымен, күйеуімен арада үйлесім болмаған. 

«‎Ешқандай қыз ажырасамын деп күйеуге тимейді. Оның үстіне, мен 27 жасымда тұрмысқа шықтым. Қазақи тәрбие көрген қыз болғандықтан ер азаматыңды сүйгенде, одан қызың бар кезде ажырасу өте ауыр өтеді. Менде өте қиын өтті. Бірақ мен оны ешкімге білдірмеуге тырыстым. Күндіз желіде күлімдеп видео жариялағаныммен, кешке көңіл-күй мүлдем болмайтын. Мен отбасыммен бақытты болуға ұмтылдым. Айдар екеуміздің арамызда мен армандаған үйлесім болмады. Оған уақыт керек болды‎»‎, – деді актриса.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0