Мемлекет басшысы Еліміздің дамуы үшін және әлемде алдыңғы қатарлы елдермен тең терезелі болу мақсатында көптеген оң шешім, батыл қадамдар жасаумен келеді.
Соның бірі, Елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары.
Бұл тұста, 2015 жылғы 5 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Басқарма басшысы А.Есімханов пен Облыстық маслихат депутаты, «Нұр Отан» ХДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдехановтың қатысуымен «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының «Дода» ток-шоуында сұхбат өткізілді.
Сүбелі сұхбатта – Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Кәсіби мемлекет аппаратын құруға» негізделген мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған бірінші институционалдық реформа аясында әңгіме өрбіді.
Мәселен, Басқарма басшысы А.Есімханов мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін орталықтандыра отырып, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу көзделуде. Сондай-ақ, «Б» корпусындағылар бір мекемеден екінші мекемеге ауысуды былай қойғанда, сол мекеменің ішінде сатылық өсуде міндетті түрде ашық конкурстан өтетін болатындығын атап өтті.
Маслихат депутаты Ө.Мелдехановта Елбасымен жарияланған реформа жаһандық кризис, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында уақтылы қабылданған шешім екенін жеткізді. Әсіресе, «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылданған соң, мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу арқылы нағыз өз ісінің кәсіби алғыр мамандарын анықтап, мемлекеттік қызметтің жарасымды үлгісін қалыптасуына үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті.
1 сағатқа созылған сұхбаттың соңы – аталған реформаның нәтижелі іске асырылуы үшін бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуына шақыруымен аяқталды.