воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Құқықтық сауаттылық – мемлекет беделінің кепілі!

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Бұл ретте, ағымдағы жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сараптамасы филиалының  қызметкерлері үшін құқықтық оқыту өткізілді.

Құқықтық оқытудың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес ғана емес, оның алғышарттарын жою үшін назар аударуға, мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға бағытталған іс-шара болып табылады.

Аталған іс-шара бойынша Департаменттің өкілдері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында және сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне жол бергені үшін жауапкершілік пен оның зардаптары туралы атап өтіп, толыққанды мәлімет берді.

Сонымен қатар, кездесу барысында жаңадан құрылған Департамент құрылымы мен оның негізгі міндеттері мен мақсаттарын айта келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы тапсырыспен түсірілген бейнероликтер көрсетілді. Жиналыс соңында Филиал қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, іс-шара қорытындыланды. 

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабақ облыстағы барлық меукемелерде жүргізілді. Департамент қызметкерлері ел арасында шешілмей жатқан мәселелерді тыңдап, департамент тарапынан мүмкіндік қарастыратындарын жеткізді.   

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0