воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

ОҚО «Сыбайлас жемқорлық – рухани дерт» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2015 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Сыбайлас жемқорлық – рухани дерт» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Б.А.Бекжанов, Түркістан қаласының әкімі Ә.Ш.Өсербаев,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті У.С. Әбдібеков, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, университеттің факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, студенттер, магистранттар мен докторанттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады.

Бұл тұрғыда, конференцияда Департамент басшысының орынбасары – тәртіптік кеңес төрағасы Б.А.Бекжанов «Адами капитал және қызметтік этика – мемлекеттік қызмет тиімділігінің негізгі факторы» тақырыбында баяндама жасап, қоғамның өркениет деңгейі  - адам капиталы мен рухани ізгілікке байланысты болатынын, ал адам капиталы – қоғамның саяси–әлеуметтік мәдениетінің тікелей көрсеткіші және қозғаушы күші екенін атап өтіп, сондай-ақ адалдық алаңы сайтымен таныстырды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың ақпан айында жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум түзіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Іс-шара барысында қоғамдағы қауіпті құбылысқа айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша біршама талқылаулар болды. Атап айтқанда: ҚР Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тудыратын әрекеттердің алдын алу мәселелері; жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері. 

Ғылыми-тәжірибелік конференциясының соңында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім жайлы жарыссөз өткізіліп, пікір алмасулар болды. Нәтижесінде, ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі, кәсіподақ ұйымы мен жастар ұйымы және Түркістан қалалық «НұрОтан» партиясы  ашық келісімге қол қойып, алдағы уақыттағы бірлескен жоспарлар түзелетін болып қорытындыланды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0