пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Елімізде теріс діни ағымдардың жетегінде кеткендер саны 17 мың адамға жуықтады

Қазақстанда жат ағымдардың жетегінде кеткендердің ресми саны 17 мың адамға жуықтапты. Бұл туралы Астанада өткен Жастар форумының «Зайырлы мемлекеттің жастары» атты секция жұмысында айтылды.

Кез келген қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сол себепті олармен тығыз жұмыс жүргізу – ел болашағының кепілі. Биылдың өзінде түрлі деңгейдегі қоғамдық шараларға 600 мыңнан астам жас тартылған екен. Дей тұрғанмен, деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастар аз емес. Ендігі мәселе – сол азаматтарды дәстүрлі дін ұстанушылардың қатарына қосу дейді дін саласының мамандары.

«Біріншіден, деструктивті ағымдағылар Қазақстанның зайырлылық жүйесіне, біздің мемлекеттік құрылымға қарсы шығады. Олар бұл жүйені мойындамайды. Мұндай зайырлы мемлекетті түсінігімізге жат құбылыс деп есептейді. Сөйтіп, осындай радикалдар мемлекеттік жүйені өзгертуге шақырады», — дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын аталған форум барысында.

Осы ретте айта кетейік, теріс діни ағымдардың жетегінде кеткен қандастарымызды дәстүрлі ислам ұстанушыларының қатарына қайтару жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды жүргізліп жатыр. Облыстық Дін істері басқармасының жанынан «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» деп аталатын мекеме құрылып, ондағы дін мамандары жастармен күнделікті кездесулер өткізіп келеді.

Аталған мекеме директорының міндетін атқарушы Мәди Беспаевтың айтуынша, орталық мамандары Шымкент қаласы мен облыстың аудандарында орналасқан мектептер мен колледждерге және жоғары оқу орындарына барып, жастармен алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді екен. Ғалымдар сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда және түрмелерде болып, деструктивті діни ағымдардың залалы туралы түсіндіру шараларын ұйымдастырып келеді. Аталған кездесулерге жат ағымның жетегінде жүрген жастар да қатыстырылатын көрінеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0