воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-1oC
×

Дінтанушы: ДАИШ – алдын ала жоспарланған үлкен жоба

Астанадағы «Әлжан анаә мешітінің бас имамы, дінтанушы Ермек Мұқатайдың айтуынша, өздерін «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) лаңкестік ұйым алдын ала жоспарланған үлкен жоба. E-islam порталына берген сұхбатында ол ДАИШ содырларының салафизм идеологиясын ұстанушылар екенін айтып берді.

– Дін атын жамылған трансұлттық сипаттағы террорлық ұйымдар адамзаттың бейбіт өмір сүруіне қатер төндіре бастады. Соның бірі өткен ширек ғасырда ислам дінінің атын жамылған «Əл-Кайда» террорлық ұйымы болса, келесі біреуі 2014 жылы Сирия мен Ирак жерінде пайда болған ДАИШ ұйымы екені əмбеге аян. ДАИШ қандай ерекшелігімен қауіпті дегенге келетін болсақ, бұл ұйымның ұстанымында ислам шариғатына теріс «тағут» жəне «тəкфир» түсініктері бар. Олардың пайымдауынша, «тəкпір» деп үлкен күнə жасаған адамды айтамыз.

Ислам шариғатын басшылыққа алмаған кез келген саяси жүйеге «кəпір» үкімін тағады. Яғни, мемлекеттік конституциялық құрылысы Құран мен сүннеттен тұрмаған əрбір жоғары саяси институт «кəпір» болып табылады. Сондай-ақ, ДАИШ-тің бұл пікірін құптамаған өзге мұсылмандар да «кəпір» саналады. Əлбетте, бұл – асыра сілтеп, шектен шыққандық. ДАИШ террорларының түсінігінше, бұл ұйымға кірмеген жəне олардың шейхтарына мойынсұнбаған əрбір мұсылман «тағут» саналады. Ал, ДАИШ-ке мүше болып, кейін олардан шыққан адам «муртад» (дінін тəрк етуші) болып есептеліп, өз пəтуаларында мұндай қадамға барған адамды өлтіруге рұқсат береді.

Əсілі, «тағут» туралы түсінік уахабилік-салафиттік ілімнің теориясын жазған Мұхаммед ибн Абдул Уаххабтың «Үш негіз» атты еңбегінде кездеседі. Мұхаммед ибн Абдул Уаххаб өзінің бұл пікіріне Ибн Таймия жəне Ибн əл-Қайимның шетін көзқарастарын арқау еткен. Ол «тағуттың» бірнеше санаттарын келтіре отырып, оның ішіне зайырлы жүйені де жатқызады. Яғни, Мұхаммед ибн Абдул Уаххабтың «Үш негізі» бойынша Алланың заңымен құрылмаған əрбір саяси жүйе жəне оның қызметкерлері «тағут» саналады. Олар: «тағут» адамдардың қаны мен мал-мүлкі адал деген үкім шығарған. Осыған байланысты ДАИШ-тің жетегіндегі жанкештілер өздеріне қосылмаған немесе өздерін құптамаған мұсылмандардың бəрін өлтіруді күнə деп есептемейді. ДАИШ туралы сараптамаларға зер салсақ, бұл ұйымның алдын ала əзірленген жоба екенін аңғарамыз. Өйткені, алдын-ала ұйымдастырылмастан тоқсан елдің террористері бір уақытта Сирия мен Иракта бас қосып, үлкен көлемдегі əскери іс-қимылдарды жүзеге асыруы мүмкін емес. Мұсылман мемлекеттерімен қоса, ислам діні аз таралған елдерден əп-сəтте содырлардың пайда болып, Таяу Шығыста бір мезгілде бас түйістіруі осыны əйгілесе керек, - дейді бас имам.

Осы ретте айта кету керек, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тыйым салынған лаңкестік ұйымдар қатарына жатқызған. Дей тұра, шекараны заңсыз кесіп, аталған ұйым құрамына еніп жатқан қазақстандықтар әлі де бар.

Осы орайда, жастарды салафилік идеологияның жетегінде кетуден сақтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі алдын алу шаралары жүргізіліп келеді. Солардың негізгі бөлігін ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ жүргізуде. Аталған орталықтың дін мамандары имам-молдалармен бірігіп, мектептер мен колледждерде және жоғарғы оқу орындарында кездесулер өткізіп, жастарға теріс діни ағымдардан сақтану жолдарын үйретуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0