понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-3oC
×

ДАИШ әрекеттері Пайғамбарымыздың хауариждер туралы айтқан сипаттарымен сəйкес

Өздерін «Ислам мемлекет» атап кеткен лаңкестік ұйымның Таяу Шығыста салған лаңы бүкіл әлем халқын үреуде ұстап отырғаны шындық. ДАИШ деген атау алған содырлар тобы тек Ирак пен Сириядағы тұрғындарды уламай, қатарларын күн сайын бүкіл әлем елдеріндегі жастар есебінен толықтыруда. Өкінішке қарай, ол елдердің қатарында Қазақстан да бар.

Сирияға заңсыз асып, қару ұстаған қазатардың көбі Қарағанды мен Ақтөбе облысының тұрғындары екен. Сондай-ақ, олардың қатарында Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары да бар.

Ал, біз ДАИШ-тың қандай ұйым екенін, оның қауіп-қатері жайындағы ақпараттар сериясын назарларыңызға ұсына бермекпіз. Бұл жолы «Е-Ислам» порталының бас редакторы Жалғас Сандыбаевтың пікіріне құлақ асайық.

– ДАИШ содырларының тарапынан адамға жасаған айуандық əрекеттерін көрген кейбір ислам ғалымдары оларды Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) айтып кеткен адасушы хауариждер тобына да жатқызады. Өйткені, олардың киім киістері, адамдардан ерекшелінуі, адамды қойша бауыздаулары, нақты дəлелдерді керек етпестен күмəнға сүйеніп адамның тағдырын шешу, олардағы қатыгездік сияқты т.б. сипаттары пайғамбардың хауариждер туралы айтқан сипаттарымен сəйкес. Сондай-ақ, араларында танымал, мұсылман əлемі мойындаған немесе есімі белгілі пəтуə беріп отырған ғалымдары да жоқ… Ал енді хауариж дегеніміз кімдер? «Хауаридж» араб сөзі – қарсы шығу, бөлініп шығу сияқты мағыналарды қамтиды. Мемлекетте бүлік шығарған саяси-діни топ. Олар мұсылман мемлекетінің үшінші халифасы Осман ибн Аффанды сарайында Құран оқып отырған жерінен өлтірген. Кейін олар төртінші халифа, пайғамбардың күйеу баласы Əли ибн Əбу Талибті де өлтіреді. Пайғамбар харижиттер турасында: «Олар – жаратылыстың ең жаманы» деп айтқан (Мүслимнің риуаяты).

Айта кетейік, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында ДАИШ идеологиясына қарсы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. ОҚО Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Беспаев бастаған дін мамандарының тобы облыстың аудан-ауылдарын аралап, жастар арасында теріс діни ағымдардың залалын түсіндіруде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0