+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.11.2016 в 08:02

Арбаушыға арбалып адаспайық

Бүгінде елімізде түрлі псевдодіни ағымдар мен секталар жұмыс істеп жатқаны шындық. Олардың барлығының басты мақсаты – қалайда өздері секілді адасушылардың санын көбейту. Қарапайым адамдарды өз қатарына тартуға машықтанғандарды топтастырған түрде арбаушылар деп атауға болады. Олардың басты ерекшелігі адамның психо-физиологиялық болмысын жақсы меңгергендігінде. Осы білімдерін теріс мақсатта пайдаланып, кісінің әлсіз тұстарын, не нәрседен әсерленетінін анықтайды. Нысанаға алынған адамның жан дүниесіне бойлай еніп, оны кереғар сенімге кіргізудің сан түрлі тәсілдерін қолданады.

Арбаушылар жеке бір адамды жолдан тайдыруда алдына жақын және алыс (түпкі) мақсаттарды белгілеп алады. Сөйтіп, оған жетудің орайы келгенде өз ойын табиғи немесе кездейсоқ жағдайға ұқсатып жүзеге асырады. Арбаушының бұл әрекеті жоспарланған іс емес, өмірдің ағымы болып жатқандай көрінеді. Арбаушылардың мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Адамдармен өте көркем түрде сөйлесіп, жылы да жұмсақ сөздермен оның ішкі жан-дүниесіне енуге тырысады. Осылайша олар ең алдымен өзінің емес, алдына келген адамның мәселесін маңызды етіп көрсетуге тырысып, әңгімені содан бастайды. Мұндай жылу, мұндай қарым-қатынас көрмеген адам әлгіні өзіне жақын тұтып, ажырамас дос ретінде есептейді.
  2. Арбаушы көбінесе қиыншылыққа төзімсіз, өмірілік тәжірибесі аз, білімі таяз жандарды тартуға тырысады. Өйткені білімсіз адамның өте көнгіш келетінін жақсы біледі.
  3. Адамдардың мейірімге, жәрдемге, ішкі сырын бөлісе алатын жандарға мұқтаж екенін білгендіктен, осының барлығын көрсетуге тырысады. Бұл адамдардың оңай құрыққа түсуіне бірден-бір себептердің бірі. Адамға қажетті негіздерді, яғни сенімге деген мұқтаждық, материалдық қажеттілікті шешу кез келген адамның басты мәселесі болғандықтан мұны қанағаттандыру өте тиімді тәсіл екенін жақсы біледі.
  4. Ең бастысы адамның болмысындағы бір құдіретке сену деген ерекшелігін пайдалана отырып, Құдайға деген сенімнің адамға берер пайдалаларын бір қарағанда адамға біліне бермейтін өте шебер бұрмаланған алдамшы ұғымдарын өте оңай тәсілдермен түсіндіріп адамның сеніміне кіруге әрекет жасайды.
  5. Адамның ішіндегі қорқыныш сезімін бұрыс жаққа бұрып, қорқыныш сезімін өзінің мақсаттары жолында өте тиімді пайдаланып, осы арқылы көп нәрселерден тыйып, сенімді әрі ешқандай үрей мен қорқыныштан ада болып өмір сүрудің жолы өздерінде екенін жан-жақты түсіндіріп, миына құйып тастайды.
  6. Адамның сенімі мен ойы не нәрсеге де болса анализ жасамай толықтай «соқыр» сеніммен берілетін болса, ол өзі бағытталған обьектіні қалай да еңсереді. Бұл жолда ол «бұйрықты орындаушы» ретінде ешнәрседен тайынбайды. Өзіндік «менінен» айырылып, мәңгүртке айналады. Оларды бұл бағытта кісі ақылы мен миын оның сенім және сезім әлеуетін «мақсатты пайдалану және тиімді жұмсай білудің» қас шебері деуге болады.
  7. Олар түрлі буын өкілдеріне яғни бала, жастар, ересектер, орта буын өкілдері, қариялардың да қажеттіліктерін, олардың психикасын терең білгендіктен, олардың әрқайсысыларына түрлі іс-шаралар ойлап тауып, өздерінен алшақтауға мүмкіндік бермейді. Осылайша жастар үшін әдемі музыка, көңіл көтеретін неше түрлі ойындар, қариялар үшін де өздеріне сай іс-шаралар ұйымдастырып көңілдерін көтеруге тырысып бағады. Мұндағы негізгі мақсат біреу, адамды өздеріне тәуелді ету.
  8. Арбаушылар өздерінің ішкі тәртіптері мен құрал-қағидалары арқылы әрі оны жүйелі түрде орындатқызуға шақырып, мықтап байлап тастайды. Бұл әдетке айналғаннан кейін кісі қол-аяғына кісен салынғандай, өз еркінен айрылғандай көнбіс күйге түсіп, ол ахуалды бірте-бірте психологиялық та физиологиялық та заңдылық деп мойындайды. Бұған мысал ретінде тұсаумен жүрген жануарды беруге болады. Тұсаулы жануардың тұсауын шешкеннен кейін де ол тұсаулы сияқты сезініп, біраз уақытқа дейін қос аяқпен дұрыс жүре алмай әбігерге түседі.
  9. Кітаптарындағы ойдан шығарылған ақпаратты құдайлық қасиетті хабар атымен әспеттеп, оған ешқандай күмәнмен қарамауға оның ішіндегілердің барлығы шынайы шындық деп шебер сендіргендіктен арбалғандар соны ғана көбірек ойлауға, оның ішіндегілерді бұлжытпай орындауға дағдыланды, машықтанады, бірте-бірте бұл олардың міндетіне айналады.

Міне, мұның барлығы адамның психо-физиологиялық болмысын жаулап алудың жолдары. Егер мұның барлығын орындаған адам, сол ортада сол бағыттағылармен жалған ұғым түсінік деңгейінде болса да еркінен тыс қосақталған болса, көп жағдайда олардың құлақкесті құлдарына айналады. Тіпті, еліктіру-желіктіру әдістері шалық, экстаз, тарнс әлеуеті шегіне жеткенде кісілік қарым-қабілетін жоғалта қатты әсерленеді де қатты берілгендері ес-түсінен айырылып құлап жатады. Бұл олардың зомбиға айналған түрі. Яғни ақылдың қызметін гипноз, бейтараптау амалдары ауыстырғанда оның өзіндік «мені» істен шығады. Адам шын мен жалғанның арасында ақиқатты түйсіну, түсінуден шеттеп қалады. Бұл арада міндетті түрде діни орта, немесе діни ұғым-түсініктер талаптары мен шарттары араласуы қажет етілмейді. Дін бұл арада тек қана масканың қызметін («бүркеншік») атқарады. 

Арбаушылар адамның ақыл күшін барынша тұмшалап, тек қана оның анайы  сезіммен жүруіне күш салады. Тек қана алдамшы сезімге беріліп өмір сүру адам баласы үшін үлкен опат болары анық.                                    

Файзулла Тайтелиев,

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ бөлім басшысы


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика