Ресей жұлдызы Филипп Киркоровтың фанаты сүйікті әншісін өз көзімен көргеніне өзі сене алмай, концерт кезінде сахнаға шығып, бейәдеп би билей жөнелді, деп хабарлайды "NewTimes.kz" ақпараттық агенттігі.
Танымал әнші Киркоровтың Анапа қаласындағы «Летняя эстрада» концерт залында берген шығармашылық кезінде күтпеген жағдай орын алды. Әнші «Я за тебя умру» әнін шырқап тұрған сәтте белгісіз кейуана сахнаға шығып кетіп, билей жөнелді. Егде жастағы көрерменнің эмоцияға берілгені соншалық көйлегінің етегін желпілей түсіп, құдды бір стриптиз секілді іш киімін ел жұртқа еш қымсынбастан көрсетті. Фанатының әрекетіне таң қалған өнер жұлдызы әрмен қарай әнін жалғастырып, әннің соңында көрерменнің қолынан сүйіп, сахнадан шығарып салды. Бұл сәттің видеосын Киркоров өзінің желі парақшасында жария етті. Тіпті бейәдеп билеген көрерменге «Анапаның патшайымы» деген баға берді.