Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылының алғашқы күнінде 20 мектеп пайдалануға берілетін болды. Бүгінде олар білім беруге сақадай-cай. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Шенеуніктің сөзіне сенсек, өңірде биыл 79 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері оның 7-еуі пайдалануға берілген, 58-інің құрылысы келер жылға өтпелі. Қалғаны жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Нәтижесінде жаңа оқу жылында мектеп саны 1027-ге жетпек. Ал оқушы санына келсек, өңір мектептерінде 640 мыңға оқушы білім алады. Оның 73 мыңы бірінші сыныпқа қабылданбақ. Оқулықпен қамтамасыз ету жұмыстарына тамыздың 20-сына дейін толығымен аяқталады.
«Жаңартылған білім беру мазмұнына сай және 2, 5, 7 сыныптардың көшуіне байланысты, 3,5 млн-ға жуық кітапты сатып алуға жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық кітап мектептерге жеткізілген. Яғни 56 пайыз, ал қалған кітаптар тамыздың 20-на дейін толық жеткізілетінін болады», - деді спикер.