четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Астананың ауқатты тұрғыны үйіне алтын унитаз орнатып алды

Астананың бақуатты тұрғыны үйіне алтын унитаз орнатып, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды NUR.KZ порталына сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Астана тұрғыны қалталы азаматтың үйіне қонаққа барып, осы бір құнды дүниені көріп, өз көзіне өзі сене алмапты.

«Қонақтар жиналғанша, мен үйді аралап, үшінші қабатына шықтым. Әжетханаға кіргім келіп, есікті ашқанда, есеңгіреп қалдым. Оныңқасында біраз уақыт не істерімді білмей тұрдым. Тіпті мұнда дәрет сындырғаным дұрыс бола ма деген ой мазалады. Бәлкім сән үшін тұрған болар деп ойладым. Алайда ақыры ісімді тындырып, әзіл үшін унитазда отырған күйі селфи жасап аламын ба деген ой келді", - дейді тұрғын.

Бір қызығы, шақырылған қонақтар жиналған соң коттедж қожайыны алтын унитазымен мақтанып, оларға экскурсия жүргізіпті. Дегенмен онда қонақтарға дәрет сындыруға тыйым салынған екен. Тек қожайынның өзі аталмыш унитазға отыра алады. Коттеджде қонақтарға арналған тағы бір қарапайым әжетхана бар болып шықты.

"Қожайынына мен ештеңе айтпадым. Ренжіп қалып жүрер. Шынымды айтсам, бұл мақтаншақтықты мен түсіне алмадым - жұрт ақшасын қайда жіберерін білмей жүргенге ұқсайды. Бұл унитазда қанша келі алтын барын ойлап көріңіз. Қыруар ақша. Ақылға қонымсыз", - деп күйінді азамат.
Айта кетерлігі, алтын унитаздың құны 80 мың АҚШ доллары тұрады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0