пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Көлік жүргізушісі құжат сұраған полицейге бір құшақ гүл сыйлап, мазақ етті (ВИДЕО)

Көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізушіні тоқтатқан полицей құжат сұраймын деп, бір құшақ гүлге ие болды. Құжаттың орнына осындай сый жасаған көлік жүргізушісінің бұл әрекеті жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде полицейлерге қатысты тағы бір шулы видео пайда болды. Онда жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушіні тоқтатқан полицей өзін таныстырып, видеоға түсіруге болмайтынын ескертеді. Көлік ішіндегі жолаушы түсірілім жасауға құқығы бар екенін алға тартқан соң полицей автомобиль тізгіндеген жігіттен құжаттарын сұрайды. Дәл осы сәтте көлік жүргізушісі бір құшақ раушан гүлін шенді қызметкердің қолына ұстатып жібереді. Оның әрекетіне таң болған полицей «Мені мазақ етіп тұрсың ба?» деп ашуға булықты. Бұл көрініс еліміздің қай өңірінде орын алғаны және соңы немен аяқталғаны белгісіз. Видеоны көрген қазақстандықтар форма киген азаматтың ешқандай да полицей еместігін, жай қалжың ретінде түсірілген видео екенін алға тартып отыр. Себебі өзін полицей деп таныстырған азаматтың қызметтік төсбелгісі мен видеожетоны жоқ. Алайда кейбір желі қолданушылары көлік жүргізушісінің әрекетіне риза болып, мұны флешмоб секілді көлік тізгіндеген өзге де азаматтар жалғастырса деген ниетін білдірген.

Видео желіден алынды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0