суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте ауадан ақша жасап келген жанармай бекеті ұятқа қалды (ВИДЕО)

Шымкенттегі "Газпромнефть" жанармай құю бекетінде шу шықты. Көлік жүргізушісі касса қызметкерін ауадан ақша жасап, қалтасын қалыңдатпақ болды деп айыптап отыр. Бұл туралы Newtimes.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Əсет Қыдыров есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында орын алған шудың видеосын жария етті. Онда жанармай багының сыйымдылығы 70 литрлік көлікке бекет қызметкерлері 87 литр бензин құйдық деп, көлік иесінің қалтасын қақпақ болған. Алайда темір тұлпар тізгіндеген ер азамат шағым айтып, шу шығарады. Сол сəтте кассирші қыз ешнəрсе білмейтінін айтып, азаматқа түбіртекке көрсетілген соманың жартысын төлеуін сұрайды. Қалғанын өз қалтасынан шығаратынын баяндайды. Бірақ шу шығарған азамат олардан мəн-жайды түсіндіріп беруін талап етеді. Видеоны көрген желі қолданушылар аталған жанармай құю бекеті Шымкенттің кіреберіс аумағында орналасқанын жəне өздері де талай мұндай олқылыққа тап болғанын айтып, дабыл қағуда. Тіпті бірі биліктен халықтың қалтасын қағып келген мұндай бекеттерді бақылауға алуды сұрады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0