среда, 17 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Автобус кондукторы соғыс ардагерін соққыға жықпақшы болды (ВИДЕО)

Қоғамдық автобус кондукторларының шектен шыққан әрекеттері тыйылар емес. Бұл жолы кондуктор соғыс ардагеріне «тұмсығынан бір ұрамын» деп қоқан-лоққы көрсетіп, автобустан түсіріп жібермек болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Вконтакте желісіндегі «Я очевидец Алматы» тобында жария етілген видео жұрттың ашуын тудырды. Онда өзін Ұлы Отан соғысының ардагерімін деп таныстырған жолаушымен сөзге келіп қалған кондуктор қарияға қоқан-лоққы көрсетіп, көліктен түсіріп жібермек болады. Екеуара диалогтан жанжалдың шығуына жолақы себеп болғанын байқауға болады. Алайда автобус ішіндегі жолаушы жас жігіт қарияның орнына жолақыны өзі төлеп, ардагерге алаңсыз отыра беруін сұрайды. Видеоны көрген желі қолданушылары кондуктордың әрекетін бұрыс санап, соғыс ардагері бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін қан майданында жауласқанын алға тартып, кондуктордан мейірімді болуын талап етті. Ал ардагер үшін жолақы төлеген жігітке алғыстарын жаудырып, жұртшылықты қарияларды құрметтеуге шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0