суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Сәкен Майғазиев үндістерді сабауға бекініп жүрген қазақтарға жауап қатты

Қазақстандық әнші Астана қаласындағы «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанында үндістандық гастарбайтерлер мен қазақ жігіттері арасында болған текетірестің соңы ұлтаралық қақтығысқа әкеп соға ма деп алаңдап отыр. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Елдің тыныштығы үшін бас қатырған өнер жұлдызы отандастарын сабырға шақырып, желі арқылы кеңесін берді. Сонымен қатар әнші шетелде жүрген қандастарымыздың да жағдайын ойлау керектігін айтты.

"Аса құрметті қызу қанды қазағым! Иә, "Малым жанымның, жаным арымның садақасы" деген қасиетті xалықпыз. Дер кезінде жұмылып жұдырық бола білетін батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар. Әлеуметтік желілердегі: "Үндістерді көшеден көрсек сабаймыз", "Жұма намазға келетін үндістерді де "сындыру" керек" деген жаңсақ пікірлерді көзіміз шалып жүр. Сабырға келейік. Адамның жаманы болса да, ұлттың жаманы болмайды. Атам қазақ айтпап па еді, "Бір биеден ала да туады, құла да туады" деп. Бір маскүнем үндіс үшін ұлтаралық шиеленіске шырмалмауға шақырам. Біздің де қандастарымыздың төрткүл дүниенің төрінде "тайраңдап" жүргенін естен шығармайық. Дана xалық екендігімізді тағы бір мәрте дәлелдейік", -деді ол.

Танымал әншінің бұл кеңесін құптағандар табылғанымен, наразы болғандар да баршылық. «Сазайларын беру керек деп ойлаймын», «Бөтен халықты қашанғы елімізде тайрандатамыз? ...үндістерге үндемеген деп бәрі білгенін істесін бе? Онсыз да қытай төбемізде тұр басқасын айтпағанда. Сабыр етіп келдік...», «Әрине, сабыр сақтағанымыз дұрыс. Бірақ, біз бөтен мемлекетте «тайраңдай» алмаймыз. Бізді «тайраңдатпайды». Ал біздің елімізге келген бөтен ел «тайраңдамақ» түгілі «талтаңдайды» деп ашынды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0