воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

Шымкентте қысқа балақты сақалды жігіт жол ортасында ер азаматты сабап тастады (ВИДЕО)

Шымкентте жол бойында екі азамат төбелесіп қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде тараған видеодан екі ер кісі әлденеге жанжалдасып, оның соңы жаға жыртысуға ұласқанын байқауға болады. Сақалды ер кісі қарсыласын соққының астына алып, тіпті тепкілеп тастайды. Олардың төбелесін әйел азаматы ажыратпақ болады. Бұл көрініске жол бойында көлікпен кетіп бара жатқандар куә болғанымен, ешқайсысы ажыратуға бел бумайды. Тіпті бірі видеоаға түсіріп, «өлтірдің ғой» дегеннен ары аспаған. Видеоны көрген желі қолданушылары автордың бұнысына ашуланды.

«Видеоға түсіріп елге көрсетіп мәз болғанша, еркекше тоқтап, ажыратпайсыңдар ма?», «Егер ажыратуға қорқатын болсаң, тым болмағанда полицей шақыртпадың ба? Сөзбен жеткізе алмайтын немқұрайлылық» деп сынның астына алды.

Айтпақшы, қолданушылардың айтуы бойынша оқиға Нұрсәт мөлтекауданында орын алған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: