Сандарды мүдірместен керісінше оқып беретін 81 жастағы кейуана желіде жұлдыз болды (ВИДЕО)
81 жастағы қазақ әжейдің әрекеті желідегілерді таң қалдырды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде тарап кеткен видеода кейуананың 100-ге дейінгі санды мүдірместен жатқа айтып бергенін байқауға болады. Бір ерекшелігі ақ жаулықты ананың сандарды керісінше оқығанын байқауға болады. Мәселен, бір санын «ріб», екіні «іке» деп солай кете береді. Бұл видеоны әжейдің ұлы Мұнайдар Баймолда өз парақшасында бөлісті.
«Менің анашым ғой! 81-ден асып бара жатқан шағында да жады жақсы, 100-ге дейін кері қарай оқып санайды. Сенбейсіз бе, ендеше өзіңіз тыңдаңыз. Қазір жасы ұлғайғасын бұрынғыдай зудыратып санамайды, әйтсе де тым тәуір! Алла анамызға амандығын берсін! Әумиін!
Тағы оқыңыздар: Қоғамдық орында спортпен шұғылданған кейуана елді өзіне қаратты (ВИДЕО)
Үлкендеріміз аман болсын!..» деп жазды автор. Мұны көрген қолданушылар қарт әжейдің есте сақтау қабілетіне тәнті болып, ғұмыр жасының ұзақ болуын тіледі. Айтпақшы, видео авторы анасының немісше сөйлейтінін, сонымен қатар бүкіл туыс-құдаларының туған жылы мен күнін жатқа білетінін де атап өткен.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00
-
05:00Представившийся полковником полиции мужчина «кинул» пивбар в Астане03:00Новый автобусный маршрут появится в пригороде Алматы00:00В Актюбинской области двое мужчин вышли на поиски скота и пропали