+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
21.09.2017 в 14:25

Астаналық шенеунік бала көтеру үшін үйленген таза еркек іздеп жүр

Естімеген елде көп. Астаналық тұрғын бала көтерткізіп беретін еркекті жан ұшырып іздеп жүр. Ана болуды мақсат еткен астаналық болашақ баласының әкесіне қоятын талаптары да барын жайып салды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

32 жастағы тұрғын қызметтік баспалдақта бірқатар белестерді бағындырып үлгерген, бүгінде ол мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек атқарып отыр. Материалдық жағдайын да реттеп алған ол тәуелсіз әйел екенін алға тартып, жан сырымен бөлісті.

«Мен де барлық қыздар секілді тұрмысқа шығып, бала сүюді, болашақ күйеуімнің туыстарымен араласуды арман еттім. Мен бұған дейін ер азаматтармен кездесіп жүрдім, тек қарым-қатынасымыз отбасы құруға дейін бармады. Уақыттың өтіп жатқанын жасқы білемін. Қартаймасам, жасармасым анық. Ал бала қажет»,-деді ол есімі көпшілікке жария етілмеген жағдайда ғана өзінің басынан өткерген оқиғаны бөлісетінін жеткізіп.

Тұрмысқа шығу туралы ойлауға тұрғынның уақыты да, зауқы да жоқ. Себебі бұл қызметіне талай жылдан бері тер төгіп қол жеткізген ол «креслосынан» бір сәтте бас тартқысы келмейді. Ал жасы өтіп бара жатқан ол балалы болудың осы бір ыңғайлы тұсын ойлап табады.

«Мен жақында бір танысыма менің баламның әкесі болу туралы ұсыныс айттым. Оның жасы 35-те. Үйленген, балалары бар. Болашақ баламды тәрбиелеп, бағу туралы сөз жоқ. Ол тек баланы жасап береді, болды. Тәрбиелеу, тамақтандыру, жалпы болашағын жасауды өзім-ақ жүзеге асыра аламын. Маған тек баланың әкесі қажет» деген астаналық іздеген ер азамат міндетті түрде үйленген болуы шарт екенін айтты. Оның ойынша, отбасылы еркектер оңды-солды қыздарға бармайды. Демек олар жыныстық аурумен ауырмайды. Денсаулығында да кінәрат бола бермейді. Сонымен қатар әйелі барлардың төсек қатынасында тәжірибесі мол болады.

«Әрине, мендегі жағдай ерекше. Бәлкім мұным үшін мені сөгетіндер де табылатын шығар. Бірақ басқа амал мен көріп тұрғаным жоқ» деп сөзін түйді 32 жастағы әйел азаматы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика