Ақсай мөлтекауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірі зейнеткерлердің ордасына айнала шықты. Оның өзіндік себебі де бар, деп хабарлайды Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.
Егде жастағы тұрғындар бұл дүкенге тегін бөлке нан алу үшін кезекке тұрған. Желіде тараған видеода олардың қарасы тым көп екенін байқауға болады. Видео авторының айтуынша, азық-түлік дүкені тұрғындарға қайырымдылық ретінде осындай шараны күн сайын жүргізіп келеді екен жəне өз есебінен 100 бөлке нан таратуды əдетке айналдырған.
Дүкен иесінің бұл əрекеті желідегілерді тəнті етті. Тіпті кейбірі қаладағы өзге де дүкендегілер олардан үлгі алса, сауабы мол іс екенін алға тартты.