+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
25.09.2017 в 20:07

Жайнамаздан шайтанның көзін көрдім деген азамат жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)

Желіде әлдебір азаматтың намазға жығылар сәтте жайнамазды дұрыс таңдау керек деген кеңесінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Онда ер жігіт бірнеше жайнамазды қатар жайып, барлығына сипаттама беріп өткен. Айтуынша, ондағы суреттерде шайтанның көзі көрінеді екен. Және ол құлшылық жасаушының ойын бұзатын көрінеді. Алайда мұны көрген қолданушылар жігіттің өзін сөгіп тастады. «Ой, жоқ, ұқсатсаң келе береді «любой» сурет...», «Негізі жайнамаз деген ол таза мата немесе таза төсеніш болса болды. Адам өз ойына түрлі ой алып, өнердің барлығы болмаса да көбісі екі көзге немесе мүйізге ұқсас келеді, содан шошынады. Негізі намаз жайың таза болса болды», "Дым да болмайды. Намаз оқып бастағаннан жын шайтандар қашып кетеді. Себебі құранның құдіреті күшті", «Алла деп бас иіп жатқаннан соң оның бәрі бос сөз, ниеті түзу адамды ешқандай сурет шошытпайды. Өзіңнің көзіңе көрінгенді елге жайып, пендені діннен неге үркіте бересіңдер? Адам сәл ауайын дегенде көзіне жын-перілер көрінеді, құлағына дауысы естіледі. Алланың атын атап жіберсең болды, ондай саған жоламайды» деп жазды желі қолданушылары. Дегенмен видеоны көрушілер арасында кеңес берушінің сөзіне құлақ асып, расымен де мән беру керектігін атап өткендер де бар.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика