Астанада өзгелерден еш қымсынбастан көшеде дәрет сындырған белгісіз ер азаматтың әрекеті елдің жиіркенішін тудырды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде тараған видеода ер азаматтың көшеде дәрет сындырып тұрған сәтін көруге болады. Видео авторының айтуынша, бұл Бөгенбай батыр даңғылында орын алған. Ер кісінің мұнысын көрген желідегілер оны жерден алып, жерге салды. «Адам емес, мал секілді. Тура соның маңында дүкеннің дәретханасы бар ғой», «Жабайы, жиіркенішті», «Мұндайлардың бейнесін үлкен баннерге іліп қою қажет, ел кім екенін танысын», «Адам емес қой. Тура сол маңда балалар ойнап жүреді» деп ашынған желідегілер бұл азаматты құқық қорғау қызметкерлері дереу тауып алып, жазасын тартуды талап етті.
Тағы оқыңыздар: Қазақстанның төл теңгесімен мұрнын сүрткен өзге ұлт азаматы жұрттың шамына тиді (ВИДЕО)
Тіпті бірі дәрет сындырып тұрған азаматтың тұрысынан оны спирттік ішімдік ішіп алған деп болжады. Дегенмен көпшілік орында қажетін өтеген ер кісіні жақтағандар да табылды. «Қала ішінде қоғамдық дәретхана жоқтықтан енді бүкіл Астана осылай былғанатын шығар», «Мүмкін ол сондай ауру шығар, ұзақ уақыт шыдап жүре алмайтын», «Адамды танып-білмей жатып кінә артпаңыздар» деп пікірін қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.