Оңтүстік Қазақстан облысында түйемен той қоржынын әкелген құдалар елді өзіне қаратты, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Той десе, ішкен асын жерге қоюға дайын тұратын халық енді бұл жолы елді таң қалдырудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұған дейін шымкенттіктер тікұшақпен той алдындағы серуенге шықса, енді бұл жолы түйемен құдалыққа аттанды. Желіде Оңтүстік Қазақстан облысында құдалыққа барған тұрғындардың елді таңғалдырған әрекетінің видеосы пайда болды. Онда құдалар қыз жасауын түйемен жеткізген. Мұны көрген желідегілер құдалардың бұнысына ерекше тәнті болып, ерекше мақтауларын жаудырды. Айтуларынша, бұл қазақтың көне салтын еске саларлық әрекет болған.
Тағы оқыңыздар: Қазақстанның төл теңгесімен мұрнын сүрткен өзге ұлт азаматы жұрттың шамына тиді (ВИДЕО)
«Не Шықса да Шымкентте шығады, керемет", «Шымкент – ерекше мәдениет ордасы ғой. Жаса, Шымқала!», «Қыз жасауы түйемен келіп жатыр. Бір ерекше...», «Кортежден мың есе артық», «Бұл деген керемет қой. Міне, қазақ тойы түйемен» деген желідегілер құдалар жағы құдалық кәдесі ретінде түйені де жаңа құдаларға тастап кетті ме екен деп ойға қалды. Айтпақшы, желі қолданушылардың пікіріне сенсек, қыз жасауын ерекше әдіспен алып барған құдалар Отырар ауданынын тұрғындары болуы мүмкін. Ал келесі бірі бұл Түркістан қаласында орын алды деп болжам жасады.