суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

ОҚО полицейлері тұрғындарға қымбат әшекей тақпауға кеңес берді

Оңтүстікқазақстандық полицейлер тонау қылмысын жасаған 25 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ОҚО Қазығұрт АІІБ кезекші бөліміне 1971 жылғы жергілікті тұрғын өзіне белгісіз азаматтың шабуыл жасағаны жөнінде арызданған. Арам пиғылды мас халдегі азамат жәбірленушінің бет тұсынан ұрып, жеңіл дәрежеде денсаулығына зиян келтіріп, қолындағы сөмкесін тартып алған. Содан соң оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлады.

Қазығұрт АІІБ қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шарасы нәтижесінде күдікті 1992 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстады. Алдын сотты болған азамат кінәсін толық мойындады.

Аталған жайт Қазығұрт АІІБ СДТБ тізіміне ҚР ҚК 191-бабымен «Тонау» тіркелді. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда полицейлер аталған күдіктінің өзге де қылмысқа қатыстылығын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы ретте ОҚО полицейлері облыс орталығының қонақтары мен тұрғындарын көшеде және қоғамдық орындарда сақ болуға шақырады. Түнгі уақытта бейтаныс жерлерде абай болу, қараңғы көше қиылыстары мен аула, парктермен жүрмеуді, қымбат әшекей тақпауды ұсынады, ұялы телефонның жарығы қылмыскердің назарын аударуы мүмкін. Адамдар көп шоғырланған жерде абай болып, тонау әрекеті болса дереу көмек шақыруға кеңес береді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0