Шымкенттік ер кісі Мәжіліс депутаттарының расымен де Парламентте жүргеніне күмәнмен қарады, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы тұрғын Дәурен Болыс желі парақшасында ашынып жазды.
«Біздің өңірден, яғни ОҚО-дан сайланған Мəжіліс депутаттары Парламентте жүр ме? Ой тоба, біреуі сайланғалы мəселе көтеріп жақ ашпады-ей...Не үшін барды Парламентке солар? Сендерді "халық қалаулысы" дейді. Көтерсеңдерші мəселе. Оңтүстікте "неужели" проблема жоқ? Оңтүстікте болмаса басқа өңірлерде шешімін таппай жатқан мəселе көп ғой...» деп ашуға булыққан азамат тек оңтүстіктен сайланған емес, өзге де аймақтардан келген халық қалаулыларының үнсіз отыратынын сөз етті.
Тағы оқыңыздар: Тойда жартылай жалаңаш билеген биші еркектердің шақуатын оятты (ВИДЕО)
«Жарайды, бізден сайланғандарды қоя берші, анау қашанда халықтың сөзін сөйлегіш Артур Платоновта үн жоқ. "Журналист, елдің мұңын айтады" деп жүрміз оны. Жым-жырт. Сен тимесең мен тиме бадырақ көз. Отырсың ба Парламентте сөйле, жаға жыртыс, үстелді ұр. Талап қой министрлерге, сұрақтың астына ал» деген шымкенттік тұрғынның бұл жанайқайын өзгелер де қолдай кетті. Тіпті бірі өзі куә болған жайтты да жайып салды.
«Маңғыстаудан да кезінде бір депутат барып, он жылдап бір сұрақ қоймастан, аузын ашпастан кетіпті. Бірақ сол депутат трамплин болып, үкіметтік жұмыстарда қалып, қызмет етіп жүр. Халқына көмегі болмаса да, өзіне пайдасы тиіпті. Маңғыстау халқы білетін шығар, кім екенін...» деп жазды Нұрболат Ақниязов есімді желі қолданушысы.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00
-
06:00Прогноз погоды на 6 февраля05:00Представившийся полковником полиции мужчина «кинул» пивбар в Астане03:00Новый автобусный маршрут появится в пригороде Алматы00:00В Актюбинской области двое мужчин вышли на поиски скота и пропали