суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-8oC
×

Ақмолада 24 жастағы мұғалімді «банк қызметкерлері» жарты млн теңгеге алдап кетті

Интернет-алаяқтардың қарапайым әрі үйреншікті схемасы Ақмола облысында тағы да іске қосылды: Атбасар ауданының 24 жастағы мұғалімі алаяқтардың арбауына түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Полицейлердің тек Ақмола өңірінің ғана емес, бүкіл республиканың аумағында интернет-алаяқтықтың жиілеп кеткен фактілері туралы үнемі ескертулеріне қарамастан, тұрғындар алаяқтардың айла-амалдарына тап болып жатады.

Кезекті зардап шегуші 24 сәуірде Атбасар ауданының полиция бөліміне өтінішпен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, 21 сәуірде белгісіз адам оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, белгісіз біреулер оның атына ақшалай несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтқан.

Әрі қарай, тағы бір жалған қызметкер алаяқтық схемаға қосылып, несиелік өтінім бірден төрт банкке берілгенін және олардың бірінде мақұлданғанын айтқан.

Шындықты дәлелдеу үшін қоңырау шалушы WhatsApp қосымшасы бойынша зардап шегушіге қажетті құжаттарды, үзінді көшірмені және өзінің қызметтік куәлігін жіберген.

Сеніп қалған ақмолалық келесі күні банктің Атбасар қаласындағы жақын филиалына барып, алаяқтардың нұсқауына сүйене отырып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай несие рәсімдеді.

Сонымен бірге, азаматша бұл жағдай туралы отбасы мүшелеріне де, банк менеджерлеріне де айтпаған, өйткені жалған қызметкерлер оған ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікке жүктелесің деп қорқытқан.

Ақшалай қаражатты алғаннан кейін өтініш беруші алаяқтар көрсеткен шотқа 480 мың теңге аударған. Тек кейінірек азаматша өзінің туыстарына не болғанын айтқан кезде, олар оған алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан, бұл ақпарат банкте расталды.

24 сәуірде ол полицияға өтініш берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, полицейлер зардап шегушіден жауап алып, қоңыраулар жүргізілген абоненттік нөмірлерді тексерді.

Бұл қылмысты тергеу және күдіктілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 3
Забавно 4
Сочувствую 4
Возмутительно 0