Ақмола облысында әйел, 5-қабаттан құлап, көз жұмды

Ақмола облысының Атбасар қаласында 37-жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Фото: unsplash.com

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп полиция хабар таратты.

Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.