пятница, 2 декабря, 2022
icon
468.45
icon
489.06
icon
7.66
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-18oC
Подпишитесь на нас:
Проиcшествия Редактор
15 августа, 2017, 23:55

Шымкентте ер кісі өз жерлесін пышақтап тастады

Шымкентте өзбекстандық қос азаматтың жанжалы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде орын алған. Нәпақа табу үшін шекара асқан қос азамат құрылыс алаңындағы жұмыстан соң спирттік ішімдік ішіп алып, жанжалдасып қалады. Олардың бірі жерлесіне пышақ сұғып, жәбірленуші есіне келмей қайтыс болған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша айыпталушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігімен іс қозғалып, кінәлі деп танылды. Сот шешімімен адам өлтірген азамат 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения