Екібастұзда соңғы үш жылда 26 бала патронаттық және өз отбасыларына тапсырылған
Екібастұзда соңғы үш жылда 26 бала патронаттық және өз отбасыларына тапсырылған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қолдауымен өткен семинар-тренинг барысында «Үміт» балалар үйі директорының орынбасары Ирина Чернова мәлім етті.
«Қазіргі таңда «Үміт» балалар үйінде 7-16 жасқа дейінгі 51 кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Оның 14-і тұл жетім болса, қалған 37-сі ата-анасының қамқорлығынан айырылған. Әрбір бала отбасында мейірім мен жылуға бөленіп өсуі керек. Семинар барысында интернаттық үлгідегі ұйымдарда, балалар үйінде отбасыларды қолдау қызметінің жұмысын дұрыс ұйымдастыруға қатысты көптеген мәлімет алдық. Сондай-ақ, балаларды патронаттық отбасыларға тапсырудың тиімді жолы қарастырылды. Қабылдаушы отбасы мен балғындардың арасындағы қиындықтарды жеңіп шығу кезіндегі балалар үйі қызметкерлерінің атқаратын рөлі зор», — дейді Ирина Чернова.
Бүгінде «Үміт» балалар үйінде 21 педагог жұмыс істейді. Соңғы үш жылда 26 жеткіншектің 12-сі қамқорлыққа, біреуі патронаттық отбасына және үшеуі өз отбасына тапсырылған. Сондай-ақ, 10 адам ата-ана құқығын қайтарып алған.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, «Қолдау қызметін ұйымдастыру және интернаттық мекемелерге асырап алушы отбасылармен еріп жүру» тақырыбында өткен семинарға облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан 75 педагог қатысқан.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім жеткіншектерге арналған балалар үйі біртіндеп жабылатын болады. Өңірде партонаттық тәрбие жақсы дамыған. Бұған 100 шақты баланың қамқорлыққа берілуі дәлел бола алады. Асырап алуға өтініш берген 105 ата-ананың басым бөлігі кішкентай балғындарды бауырына басуды жөн көреді. Дегенмен облыста отбасының жылуына мұқтаж ересек жастағы 333 жетім бала бар. Бұған қоса, бір шаңырақтан шыққан ағайынды бес-алты баланы бөліп, жармай бірге тәрбиелеп жеткізуге батылы жете беретін жандар кездеспейді.
«Осыдан бес жыл бұрын облыста 19 балалар үйінде 810 жетім бала тәрбиеленсе, бүгінде мұндай 14 мекемеде 490 жеткіншек тұрады. Бұл сандар балалардан бас тарту оқиғаларының азайғанын және асырап алуға ниет білдірген азаматтар санының артқанын көрсетеді. Мәселен, толық қуаттылығы 110 баланы қабылдауға мүмкіндік беретін Мичурин балалар үйінде қазіргі таңда 53 бала тұруда», — деді Бақыт Бексейітова.
Айта кетерлігі, 2011 жылдан бері Павлодар облысында бес балалар үйі жабылған. Сондай-ақ, ауқымды балалар үйімен салыстырғанда Лебяжі, Шақат және Розовка сияқты отбасылық үлгідегі шағын мекемелердің жұмысы анағұрлым тиімді көрінеді.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
06:46Как обстоит ситуация с подачей тепла в Экибастузе?06:00Прогноз погоды в Казахстане на 8 февраля05:23В Талдыкоргане мужчина разгуливал по улицам с «пистолетом» в руках03:23Дети в школе села Жетыген вынуждены учиться стоя02:30Спецборт с казахстанцами из Турции приземлился в аэропорту Астаны01:33Кто наказан после инцидента с дерганьем волос малышке в детсаду Караганды?00:23Резиденции президента в пяти городах Казахстана передадут для нужд детей