Дін мамандары «Халыққа қызмет көрсету орталығында» кездесу өткізді
Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ облыс аумағындағы тұрғындар арасында дін тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін сала мамандары Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығында» болып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Кездесуге ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәіселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Ж.Асхатұлы, орталық басшысы мен қызметкерлері қатысты.
Осынау кездесу барысында дін маманы «Экстремизм мен терроризм және олардан сақтану жолдары» тақырыбында баяндама оқып, өзекті тақырыпты тыңдаушыларға кеңінен түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, биыл Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларды жасаған содырлар туралы айтылып, олардан дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану керектігі ескертілді. Бұған қоса кездесуде өсіп келе жатқан қазақ жастарының жарқын болашағы үшін отбасылық тәрбиені нығайтып, сондай-ақ, отбасында діни сауаттылықты арттыруға баса назар аудару керектігі де айтылды.
Баяндамадан кейін кездесуге келген ХҚКО қызметкерлері дін өкілін сұрақ астына алды. Жас мамандарды әсіресе адасқан дін өкілдерін ажырату, олардың уағызына алданып қалмау сынды мәселелер көп мазалайды екен. Сондай-ақ, діни терроризмнің қайдан шыққаны, оны кімдердің жасап жатқаны туралы сұрақтарға да тұщымды жауап қайтарылды.
Айта кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дін мамандарынан құралған арнайы ақпараттық топтар шалғай ауылдардан бастап, аудан-қалалардың бәрін аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардың қатарында мүфтият өкілдері, дін істері басқармасы мен ішкі саясат басқармасы қызметкерлері бар.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:204-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:35Водолаз спас идущую ко дну женщину в Каспийском море30.01.2023, 00:15Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45
-
03:00В Казахстане легализовано почти 7000 авто с иностранными номерами00:00Три микрорайона в Шымкенте могут уйти под воду