Атырау облысындағы Теңіз кен орнының аспанын тағы да күкірт тұманы басты (ВИДЕО)

Ауаға күкірт қышқылы газының тарап жатқаны туралы видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі zhest.kz парақшасында жарияланды. Видео авторы улы газдың ауаға соңғы үш күннен бері тарап жатқанын айтқан.

«Аспан ашық. Жаңбыр жауып жатыр деп ойламаңдар. Күн жап-жарық болып тұр кәдімгідей. Бұл сероводород (күкіртсутек) аралас газ», — дейді оқиғаны бейнекамераға түсірген ер азамат.

Осы бейнероликке пікір қалдырған желі қолданушыларының көбі Теңіз кен орнына жақын орналасқан елдімкендерде балалардың ауру болып туылып жатқанын айтқан.

Еске салайық, биыл мамыр айының соңында да Атырау облысындағы зауыттардың бірінен ауаға күкірт қышқылы газының тарап жатқан сәті түсірілген видео жарияланған болатын. Артынша Жылой аудандық экология департаментінің инспекторы Эльдар Ахметов апатты жағдайдың болғанын растап, ауаға зиянды қалдықтардың тарауынан зауыт жұмысшыларын эвакуациялауға тура келгенін мәлімдеген болатын.

Loading...

25 сентября, пятница