суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік түсірілген ВИДЕОға қатысты Бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады

Қазақстанның әскери бөлімдерінің бірінде болған әлімжеттік жайты тіралы видеоматериалды бұған дейін жариялаған болатынбыз. Онда «аға сарбаздар» қатарға жаңа қосылған жас сарбаздарды ұрып-соққаны, түрлі қорлық көрсеткені түсірілген. ҚР Бас әскери прокуратурасы осы жайтқа қатысты ресми мәлімдеме таратты.

Аталған органның ресми өкілі Еркін Қожа-Ахметтің айтуынша, бұл видеоматериал 2009 жылы түсірілген екен. Қазіргі таңда әл әскерлерінде мұндай жайттарға жол берілмейді дейді ол.

«Бұл бейнематериал 2009 жылы Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде түсіріліп, 2012 жылы Youtube каналында жарияланған. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, олар бойынша тиісті шешім қабылданған. Қоғамның алдында айта кетерім, қазіргі таңда осындай оқиғалар өте сирек ке здесетін жағдай. Бізбен жүргізіліп жатқан профилактика мен заң бұзушылықтарды алдын алу шаралары оларды айтарлықтай азайтуға, ал кейбір түрлерін мүлдем жоюға мүмкіндік берді», ― деп жазды Еркін Қожа-Ахмет өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, осындай заңсыздықтарды дер кезінде анықтап, құзырлы органдарға жеткізіп отырған белсегді азаматтарға да алғысын білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0