пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Алматыдағы «Оптовка» мемлекетке қайтарылады

Комиссия Алматыдағы ең ірі көтерме базарды да мемлекет меншігіне қайтаруға ниетті. Өйткені, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған негізгі көтерме сауда кешенінің бір бөлігі 5 есе арзан бағаға сатылғаны анықталыпты. Яғни, кезінде нарықтағы бағасы 1 жарым миллиард теңге тұратын «Барыс-4» базары бар болғаны 307 миллион теңгеге сатылға, хабарлайды КТК телеарнасы.

Фото: Экспресс-К
Фото: Экспресс-К

Ел арасында «Оптовка» аталып кеткен көтерме базарда әлеуметтік маңызы бар өнімдерден бөлек көкөніс, жеміс-жидек те сатылады. Шаһардағы дүкендер мен шағын супермаркеттердің көбі азық-түлікті осы көтерме сауда кешенінен алып, үстінен қосып саудалайды.

Бес ай бұрын мұндағы мыңнан астам сатушы да базардағы монополияға қарсы шыққан болатын. Олар жалғыз компанияға ақша төлеп, тамыр-танысы бар өнім өндірушілер ғана кешенге кіретінін айтып шағымданған. Тіпті, саудагерлерді сол фирманың ұсынған тауарларын алуға мәжбүрлеп келгені де айтылды. Осындай заңсыз әрекет азық-түлік құнының шарықтауына себеп деп шулаған сол кезде. Миллиардтар айналған бұл базардан ведомствоаралық комиссия да талай былықты әшкерелеп отыр

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1