воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Global Oil&Gas Atyrau көрмесі өз жұмысын бастады

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Бірнеше жылдан бері Global Oil&Gas Atyrau бизнес-кездесулер мен маңызды іс-шаралар өткізетін алаңға айналды.

«Атырау өңірі жоспарлы әрі серпінді дамуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен  облыста облыс экономикасын әртараптандыру тұрғысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Көрмеге қатысушыларға өз ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені олар да экономиканың дамуына, кенорындарын дамытуға және әріптестердің арасындағы қатынастарды дамытуға өз үлестерін қосуда. Мұндай алаң барлық қатысушыларға олардың жұмыс бағыттарына қарамастан өз бизнесінің ауқымы мен шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста мыңнан аса шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Облыс әлемнің 50 елімен ынтымақтастықта», — деп атап өтті алғы сөзінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

«Мұндай іс-шараның мұнай-газ өндіру тарихы дәл осы жерде басталған Атырау облысының аумағында өтіп отырғаны қуантады. Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасы дамуының қозғаушы күші болып қалады, сондықтан біз бәріміз оның серпінді және қарышты дамуына қызығушылық танытамыз. Көрмеге жүз елдің өкілдері қатысуда және барлығы өздерінің жаңашыл шешімдерімен бөлісе алады және жаңа іскерлік байланыстар орната алады», — деді ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов.

Өнеркәсіптік жабдықтар мен мұнай-газ саласына барлық қажетті құралдар бар өз павильондарын Ұлыбританияның, Белоруссияның, Ресейдің, Түркияның, Әзірбайжанның жүзден аса компаниясы көрсетті. Экспозициялардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға ұлғайды.

Global Oil&Gas Atyrau көрмесімен бірге көрме кешенінде AtyrauBuild-2018 құрылыс және интерьер көрмесі орналасқан, оған қатысушылар құрылыс, интерьер, жол құрылысы саласындағы жаңалықтарды таныстыруда. Көрменің барлық қатысушыларына өз өнімі туралы айтуға, жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндіктер берілді.

Мұнан басқа іс-шара бағдарламасына Қазақстанның мұнай-газ саласындағы  КТК (Каспий Құбыр консорциумы), NCOC, Ембімұнайгаз сияқты ірі қатысушылардың семинарлары мен тұсаукесерлері енгізілген.

Аталмыш көрме 10 сәуірден 12 сәуірге дейін өтеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0