воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылорда облысы бойынша қаржыны жоспарлау басты назарда

Қызылордада Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабайдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Аталған баспасөз конференциясы барысында өңір бюджетін толтыратын қаржы көлемінің толыққанды түскені туралы мәлімет берілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айына қарастырылған 19,9 млрд теңге субвенция толығымен түсіп, тиісті орындарға аударылған. Ал, облыс бойынша жергілікті бюджеттің бірінші тоқсандағы кірістер жоспары 115,5% орындалған.

Ел ішінде жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімінің өкімімен жедел әрекет етудің өңірлік штабы құрылды.  Осы орайда аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты әрі баға мәселесінің бақылауда екенін айтты Нұрғали Қордабай.

Облыс әкімінің резервінен шұғыл шығындар бойынша 1 107 тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сатып алуға 105,8 млн теңге қаржы бөлу жоспарға қойылған. Бүгінде әлеуметтік маңыздағы 19 түрлі азық-түлік өнімдерін сатып алу тізімі бекітілді. Сондай-ақ, облыстағы жанар-жағар май қоры да жеткілікті дейді сала мамандары. Ағымдағы жылдың 16 наурызындағы мәлімет бойынша АИ-92 маркалы бензин қоры – 3 106,9 тонна, дизель отын қоры – 2 984,5 тоннаны құрап отыр.

Айта кетейік, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында облысқа қажетті жабдықтарды сатып алуға 4 309 млн теңге бөлінді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0