Қызылорда облысында төтенше жағдайға байланысты коммуналдық тарифтер бағасы төмендетілді

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері қаржылық жүктемені азайту мақсатында 1 сәуірден бастап тұрғындарға тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады.

Қызылорда облысында төтенше жағдайға байланысты коммуналдық тарифтер бағасы төмендетілді

Халықтың тұтыну көлемдеріне сараланған тарифтер 9,1%-ға төмендетілді. Бұл шаралар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 23 наурызында коронавирустық инфекциямен күрес жағдайына арналған жиында берген тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.

Атап айтсақ, МКК «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі халықты жылумен қамту қызметтеріне есептегіш құралдары бойынша 1 Гкал үшін қосымша құн салығы есебімен бағаны 1 989,21 теңгеден 1 790,29 теңгеге дейін төмендетті. Ал, есептегіш құралдарынсыз жылудың ақысы 1 шаршы метрге ҚҚС есебімен 96,76 теңгеден 87,08 теңгеге дейін, яғни 10%-ға төмендетілді.

«Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС сумен қамтамасыз ету қызметтері үшін халыққа сатудың орташа бағасы 1 м3 үшін қосымша құн салығын қосқанда 9,1% -бен 53,37 теңгеден 48,52 теңгеге дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, 3 тұрғынға есептегендегі электр энергиясының орташа бағасы 1 кВт / сағ үшін 9,1%-ға төмендетілді. Оның ішінде «Энергосервис» мекемесі ҚҚС есебімен 15,90 теңгеден 14,46 теңгеге дейінгі төмен бағаны ұсынса, «ШиеліЖарығы» ЖШС 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін тариф бағасын төмендетті. Ал, «Даулетэнерго» ЖШС мекемесі төлем бағасын 18,26 теңгеден 16,60 теңгеге дейін түсірді.

Loading...
Жанар Муканова -  четверг, 13 мая в 11:05
Уроки казанского расстрела для Казахстана
Томирис Жусупбекова -  понедельник, 10 мая в 10:44
Ни к селу ни к городу
Жанар Муканова -  вторник, 4 мая в 11:53
Бессвязная связь, или Кто виноват?
По теме: