вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Қызылорда облысында сумен жабдықтау қызметтері 10,6%-ға төмендетілді

Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің бағасы төмендетілді. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау қызметі 15,9 теңгеден 14,46 теңгеге немесе 9,1%-ға, жылумен жабдықтау қызметтері есептеу құралдарымен 1 Гкал-ға 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін, есептеу құралдарынсыз 1 шаршы метр үшін 96,76 теңгеден 87,07 теңгеге немесе 10%-ға арзандады. Ал, сумен жабдықтау қызметтері 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге немесе 10,6%-ға түссе, су бұру қызметі 48,82 теңгеден 43 теңгеге дейін, яғни 12 %-ға төмендеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифинг барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

«Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін төлемдер мен ұсынылатын қызметтер онлайн режимде жұмыс жасап жатыр. Яғни, терминал, мобилдік қосымшалар арқылы төлем жасауға және epd.kz сайт арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар, «Энергосервис» мобильдік қосымшасы арқылы әр абонент өз қарызын көріп, ары қарай сілтемелер арқылы электронды түрде төлем жасауға болады», — деді сала басшысы.

Басқарма басшысы төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қордаланған қарыздарына қарамастан қызмет көрсету тоқтатылмайтынын айтты. Сондай-ақ, мерзімі өткіп кеткен төлемдер үшін өсімпұл қосылмайтынын жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0