понедельник, 6 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Сыр елінде атаулы әлеуметтік көмекке 2,6 млн теңге бөлінеді

Бұл туралы бүгін мәслихаттың сессиясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді. Отырыс бейне-конференция форматында ұйымдастырылды. Күн тәртібінде 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Аймақ басшысы айтуынша, бюджеттен қаралған қаржының 2,6 млрд теңгесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге, 1,5 млрд теңге – әлеуметтік кепілдендірілген пакетке, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты аз қамтылған отбасыларды азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етуге бағытталады.

«Аймақта жүзеге асырылып жатқан құрылыс, энергетика, мәдениет, спорт, электр және сумен жабдықтау салаларындағы 49 жобаны қоса қаржыландыруға 3 млрд теңге, Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында тұрғын үй салуға құнды қағаздарды шығару есебінен 895,5 млн теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар, білім, денсаулық, мәдениет және спорт салаларына 516 млн теңге қаралады. Ал құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 219 млн теңге жұмсалады», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

«2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен трансферт ретінде 9,1 млрд теңге бөлінуде. Қаржы аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инженерлік-көлік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға және әлеуметтік-мәдени нысандарды жөндеу мен елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады. Ал еңбек нарығын дамыту, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялау, жастар практикасына, NEET санатындағы жастарға, табысы төмен көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарға, жаңа бизнес идеяларға берілетін гранттарға және қоғамдық жұмыстарға 4,3 млрд теңге қарастырылған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0