вторник, 7 февраля, 2023
icon
457.7
icon
492.81
icon
6.49
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-18oC
Подпишитесь на нас:

Жұмыспен қамту жол картасы: 26 мыңнан астам қызылордалықтар жұмысқа орналасады

Сыр өңірде биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 276 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда оның 248 жобасы бойынша 3 536 адам жұмысқа қабылданды. Қызылорда облысында 26 523 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына орналасады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Жұмыспен қамту жол картасы: 26 мыңнан астам қызылордалықтар жұмысқа орналасады

Спикер айтуынша, халықты жұмыспен қамту мақсатында 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды.

«Халықты жұмыспен қамту мақсатында 2020 жылға арналған кешенді жоспар қабылданды. Жоспар аясында барлық мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында ашылатын жұмыс орындары, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылатындар және «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясында ашылатын жұмыс орындары қамтылған. Яғни, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 276 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда оның 248 жобасы бойынша 3536 адам жұмысқа қабылданып, оның 2676-сы жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты», — деді Талғат Дүйсебаев.

Оған қоса, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарына 26 523 адам орналасады деп жоспарланды, оның 5 264-і қазір жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласып, жұмыссыз тұлға ретінде тіркелу қажет.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения