Қызылорда облыстық мониторингтік топ мүшелері рейд жұмыстарын күшейтті

Қызылорда облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің        №15 қаулысына сәйкес облыстағы карантиндік талаптар күшейтілді. Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес облыстық мониторингтік топтың жергілікті кәсіпкерлік нысандар мен халық көп шоғырланатын орындарға күнделікті рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.   Қызылорда облысында жергілікті атқарушы және өкілетті орган басшыларынан мониторингтік топ құрылғаны белгілі. Одан бөлек, қала, аудан әкімдіктерінің  дәл осындай 32тобы жұмыс істеуде.

Қызылорда облыстық мониторингтік топ мүшелері рейд жұмыстарын күшейтті

Мұндағы негізгі міндет – карантин уақытында базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер және тағы басқа қызмет көрсету  орталықтарында санитарлық талаптың сақталуын бақылау. Осы мақсатта облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Әбдіқайымова мен қала әкімінің орынбасары Б.Нұридинов бастаған арнайы топ «Айтбек» және «Отырар» сауда орталықтарында болып, белгіленген талаптардың орындалуын тексерді. 
Аталған сауда орталықтарының кіре берісінде күзетшілер келушілердің дене қызуын өлшеп тұр. Мұнда тек бетперде таққандар ғана кіргізіледі. Ал ғимарат ішіндеге сатушылардың барлығы маскада болғанмен, кейбірінің қолғаптары жоқ. Қала әкімінің орынбасары кейбір сатушыларға ескерту жасап өтті. Сондай-ақ, «Отырар» сауда үйінің төменгі қабатында желдету жүйесі жоқ екендігі де айтылды. Аталған сауда үйінің басшылығы кемшіліктерді жоятынын, ол үшін екі күнге төменгі қабатты уақытша жабатынын жеткізді.
Ағымдағы жылы 11 маусымда облыс прокурорының арнайы өкімі шықты. Соған сәйкес аймақ бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерінен мониторингтік  топ құрылған. Олар рұқсат етілген қызмет көрсету орындарының санитарлық талаптықалай сақтайтынын қадағалап келеді. Халық денсаулығына бей-жай қарамаймыз, бұл түсіндірме жұмыстары барлық жерде де тоқтамайды.Ал белгіленген талап орындалмаған жағдайда алдымен ескерту беріледі, егер оны елемегендер болса, әкімшілік шара көрілетін болады, – дейді облыстың бас санитар дәрігері Ә.Әбдіқайымова.
Бүгінге дейін аймақта 7 920 нысан тексерілген. Оның 4 566-на ескерту парағы беріліпті. Өйткені, арақашықтық сақтамау, қызметкерлердің бетпердесіз жүруі, қолғапсыз қызмет көрсету, дезинфекциялық құралдардың  пайдаланбауы әлі де кездесіп отыр. 10 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
«Тексерілген орталықтың жұмысына біршама ескертулер айтылды. Сауда нысанын екі сағат сайын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу керек. Өйткені, дертке шалдығушылар саны артып отыр. Тұтынушылар да бетпердемен келіп, кейбір заттарды арнайы қаптамамен алу керек. Сатушылар да үнемі маска мен қолғапты тастамауы тиіс», дейді қала әкімінің орынбасары Б. Нұридинов.
Аймақ тұрғындарына індеттен қорғану мақсатында үнемі бетперде мен қолғап киюге, қорғаныш құралдарын үнемі пайдалауға, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға,  өзінің және жақындарының денсаулығын ойлауға шақыру үшін жергілікті телеарналарда және әлеуметтік желілерде #ЖақыныңаЖанашырБол!», «#БерегиБлижнего!» хештегтерімен жергілікті зиялы қауым өкілдері, түрлі сала мамандары, кәсіпкерлер, қоғам белсенділерінің үндеулері жарияланып келеді.

Loading...

15 июля, среда