четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

МӘМС-2020: Қызылордалықтарға медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік жалғасады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтардың көмек алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

Фото: atr.kz
Фото: atr.kz

Осы мерзімге дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Сонымен қатар олар МӘМС жүйесіне қатысушы мәртебесіне қарамастан медициналық көмекке жүгіне алады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова кyzylorda-news.kz. сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері биылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. 1 шілдеге дейін шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпорындар қызметкерлеріне медициналық сақтандыру төлемдері мен аударымдарын төлеуден босатылды. Жеңілдік берілген кәсіпорындардың қатарына карантинге байланысты зардап шеккен сауда орындары, мейрамханалар мен қонақ үй бизнесі, туристік қызметтер, кинотеатрлар және басқа да санаттар бар», — деп атап өтті маман.

Медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге кірмейтін барлық қалған жұмыс берушілер төлейді.

Жеке кәсіпкерлерге алты ай ішінде, осы жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек. Яғни, «МӘМС туралы» ҚР Заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес ай сайын 1,4 АЕК-тен 5% мөлшерінде жарналарды төлеуді жүзеге асырады. Бұл 5% х (1,4 х 42 500) = 5% х 59500 = 2975 теңгені құрайтынын жеткізді Айгүл Аханова.

«Жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, жарна төлеуге міндетті. Өйткені, ол мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп тұр. «МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күні үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.

Егер жеке кәсіпкер мен оның қызметкерлері 15 жеңілдік санатына жататын болса әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар төлемейді. Олар үшін мемлекет төлем жүргізеді», — деді бас сарапшы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0