суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Фердоуси Қожабергенов: «Ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік жасалады»

Туризм саласы қарқынды дамыған елдерде пандемияға байланысты шектеулер қойылды. Мұны ішкі туризмді дамытуға берілген мүмкіндік деп айтуға болады. Бүгінде аймақтағы туристік нысандарға жаңадан маршруттар құрылып, қолжетімсіз жерлерге туристерді жеткізу жағы қарастырылып жатыр.  Өңірдегі туристік нысандар туралы Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтып берді.

Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz

«Бүкіл әлемді шарлаған пандемияның салдарынан тек экономика ғана емес, туризм саласы да тұралап тұр. Облысымызда 109 орналастыру орны, 3 шипажай, 4 жағажай, 11 демалыс орны, 12 туристік фирма жұмыс істейді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік дәліз жолында 30 сервистік қызмет көрсету орны бар. Биыл аймағымызға келушілердің саны 11 420 адам  болды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда бұл 44,7% аз екендігін көрсетеді. Жалпы инвестиция құны 6 млрд 360 млн теңгені құрайтын 30 жол объектілері жұмыс істейді. Онда 737 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жыл соңына дейін Арал және Жаңақорған аудандарында 2 нысан іске қосылады деп жоспарланған», — деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Туризмді дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі ақпараттандыру болып табылады. Осы орайда «Vizit Orda» туристік ақпараттық сайты әзірленуде. Бұл сайт өңірдегі туристік нысандар, қызметтер, орналастыру орындары, экскурсиялық қызметтер мен маршруттарды, туризм бағыты бойынша атқарылатын іс-шараларды қамтитын болады. Сайт жұмысы биылғы қыркүйекте іске қосылады деп жоспарланып отыр.

«Былтыр ел ішіндегі туризм саласын дамыту мақсатында 2019-2025 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Қазақстан бойынша белгіленген 50 нысанның ішіне Қызылорда облысының «Байқоңыр» туристік аймағы, Қамыстыбас демалыс орны және Жаңақорған шипажайы енген болатын.  Арал ауданына қарасты Қамыстыбас көлі аумағындағы демалыс орны пандемия ахуалына байланысты жұмысын тоқтатты», — деп атап өтті сала басшысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0