пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Қызылордада жаңа оқу жылында 243 мектеп қашықтан оқытылады

Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылатын болады.

Фото: dw.com
Фото: dw.com

«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлініп, аталған қаржыға облыстағы 52 білім нысаны жөндеуден өтуде. 

Бүгінгі күнге дейін Сыр өңірінде 2020 жылы 1-сыныпқа баратын 16 207 баланың құжаты қабылданған. Білім басқармасының ақпараттық анализі бойынша биыл 1-сыныпқа 19 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

Биылғы жылы балаларды 1-сыныпқа қабылдауда ата-аналар мектепке балалардың құжаттарын 2 түрлі жолмен өткізе алады, медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді. Құжаттар қағаз жүзінде мектепке тапсырылады, ал, онлайн «egov» порталы арқылы іске асады. Құжат қабылдауда ата-аналардан тек 4 құжат сұралады. Олар:

— ата-ананың немесе заңды өкілдерінен өтініші;

— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны;

— 3х4 көлеміндегі фото.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 293 мектеп бар. Білім беру ұйымдарында 21 мыңнан аса педагог қызмет етеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0