пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Сыр өңірінде 8 812,6 тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар іске асырылуда

Бүгінгі күні Қызылорда аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда 1,2%-ға төмен. Бұл туралы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов облыс әкімі Г.Әбдіқалықовамен кездесу барысында мәлімдеді.

Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Сейілбек Нұрымбетов айтуынша, облыста 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 8 812,6 тонна қоры бар. Яғни халыққа қажетті қарақұмық жармасы, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, картоп, сиыр еті секілді өнімдердің мол қоры бар. Оның ішінде тұрақтандыру қорындағы өнімдер 2 665,3 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының әріптестері «Ажар» сауда үйі мен «Данчо» жеке кәсіпкері арқылы 378,3 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім қорлары қалыптастырылып, облыс тұрғындарына ұсынылады.

Өзге де сауда орындарында 5769,0 тонна әлеуметтік өнім көлемі бар.

Ағымдағы жылдың шілде айының басынан Қызылорда қаласының ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қорының өнімдерін белгіленген бағада сату жұмыстары жүргізілді.

«Алтын Қамба» АӨК» ЖШС тарапынан Қызылорда қаласы әкімдігі ұсынған 9 ірі сауда үйлеріне, «Small», «Magnum», «Султан», «Аль-Асад», «Қызылорда», «Сыбаға», «Мирас», «Ажар», «Ақниет» әлеумметтік бұрыштар ашуға тұрақтандыру қорының өнімдерін белгіленген бағадасату ұсынылып, нәтижесінде 6 сауда орны, оның ішінде, «Мирас», «Аль-асад», «Анвар», «Ажар», «Қызылорда Оптомаркет», «Ақниет» әлеуметтік бұрыш ашуға және тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуға келісім берді.

Облыста ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап С-1 санаттағы, яғни, күнделікті қолданыстағы тауық жұмыртқасының 10 данасына 90 күн мерзімге шекті рұқсат етілген 284 теңге мөлшерде бөлшек сауда бағасы белгіленді.

Сондай-ақ, облыста қарақұмық жармасының бағасы тұрақталмауына байланысты, тиісті талаптарға сәйкес шекті рұқсат етілген 313 теңге мөлшерде бағасы бекітілуде.

Облыс әкімі Г. Әбдіқалықова өңірдің ауыл шаруашылығы саласының басқарма басшысына облыста тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруды, әлеуметтік дүкендер мен әріптестердің сауда орындарында қалыптастырылған әлеуметтік қатарларды күзгі өнімге дейін ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Алдағы 2020-2021 жылғы қыстағы маусымаралық кезеңге осы бастан азық-түлік қорын қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауды міндеттеді. Сонымен қатар, облыс орталығында әлеуметтік дүкендердің санын көбейту жөнінде тапсырма берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0