пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

ABAI 175: Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай есімі беріледі

Әлеуметтік желілерде ұлы Абайдың шығармаларын жатқа оқудан «Абай күні» челленджі #ABAI175 #ABAIKUNY хештегтерімен насихатталады. Қызылордада «Мұрагер» мектебіне Абай есімі беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет айтуынша, Абай күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

«Жоспар аясында «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» атты республикалық онлайн конференциясы, «Абай – адамзат тарихындағы ұлы тұлға» тақырыптарында Абай оқулары, Қазақстанның халық артисі Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің онлайн көрсетілімі және тағы басқа шаралар өткізіледі. Қазақтың дара ақыны, ғұлама, ойшыл, ағартушы Абай есімін ұлықтау мақсатында облыс бойынша 3 елді мекенге ,4 мектепке және 86 көшеге есімі берілген. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан аллеяға Абай есімі беріліп, оның қара сөздері тасқа қашалып жазылды. Абайдың мұра­сын, оның асқақ тұлғасын биікке шығару бір күнге байланып қалмайтыны белгілі», — деді Серік Әбжәліұлы.

Айта кетейк, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0