Сыр өңірінде 3 оттегі станциясы салынады

Бұл туралы облыс әкімі Г.Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде атап өтті. 

Сыр өңірінде 3 оттегі станциясы салынады
Фото: rezonans.info

«Петро Казахстан» компаниясының демеушілігімен Қазалы ауданында жалпы құны 79,3 млн теңгені құрайтын 1 оттегі станция салынады. Осы станция арқылы Арал, Қармақшы аудандары, Байқоңыр қаласы оттегімен қамтамасыз етіледі.  
«Қазгермұнай» БК» компаниясының демеушілігімен жалпы құны 93,8 млн теңгені құрайтын оттегі станциясы көпбейінді облыстық ауруханасы базасынан салынады. Бұл қала аумағындағы ауруханаларды және Сырдария, Жалағаш аудандарын қамтамасыз ететін болады. 
Үшінші оттегі станциясы Шиелі ауданында салынады. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша күзгі маусымда пандемияның екінші кезеңі болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған орай, Сыр өңірінің медицина саласы күзгі маусымдағы пандемияның екінші кезеңіне әзірлік жүргізуде. 
Облыстағы инфекция жұқтырған науқастарды уақытылы қамтамасыз ету үшін  дәрі-дәрмектер тізімі жасақталды, дәрілік заттарды сатып алуға қажеттілік 350 млн. теңге  қаражатты құрайды. 
Қажет болған жағдайда жалпы саны 3000 орынды құрайдытын 21 инфекциялық және провизорлық орындар қайта ашылатын болады. 
Бүгінде 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухана құрылысына жер бөлініп, қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігінен 96 өкпені жасанды желдету  аппараты келуі тиіс. Одан бөлек  2 ИВЛ аппаратын,  4 флюро және 4 стационарлы рентген аппаратын, сонымен қатар 40 автокөлік сатып алу жоспарлануда.
Жүйелі дайындық жұмыстары аясында 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды.

Loading...

18 сентября, пятница