суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Қызылорда облысында 2020 жылы егіс көлемі 1,1 мың гектарға артты

Облыстың экономикалық дамуында ауыл шаруашылығының алатын орны ерекше. Сыр дихандары соңғы 6 жыл қатарынан рекордтық өнім алып, күріш экспортының көлемін арттырып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Г. Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде атап өтті.

Тамыздың аяғында биылғы күрішке алғашқы орақ түсті.

Жалпы, биыл аймақта барлығы 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Егіс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артып отыр.

Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектар. Егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында облыста алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы — 70 гектарға, соя — 240 гектарға, жүгері дақылы — 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, 80 гектарға күздік бидай дақылы егілді.

Қазіргі таңда, бидай, арпа, сұлы дақылдарын жинау аяқталып, мақсары, картоп, көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.

Биылғы жылдан басталған суармалы судың тапшылығы егін шаруашылығында әртараптандыруды шындап іске асыру қажеттілігін айқындап отыр. Осыған орай, алдағы жылдары ауыспалы егіс жүйесіндегі күріш егісінің көлемін 75-80 мың гектарға тұрақтандырып, мал азықтық дақылдар егісінің көлеміне басымдық беру көзделуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0